{metadescription}
СІМ жетім балаларды Африка елдеріне алып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды
СІМ жетім балаларды Африка елдеріне алып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

СІМ жетім балаларды Африка елдеріне алып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

Сыртқы істер министрлігі сенатордың мәліметін жоққа шығарды. Министрлік өкілі Африка елдеріне ешбір жетім бала берілген жоқ деп отыр. Депутат Дархан Қыдырәлі 1999 жылға дейін Оңтүстік Африка мен Кения азаматтары асырап алған қазақстандық жетім балалардың тағдыры беймәлім, байланыс үзілген деп мәлімдеген болатын.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі

Біріншіден, шетел азаматтары асырап алған бала 18 жасқа дейін ҚР азаматы болып қалады. Оны біздің шетелдегі консулдар көмектесіп бақылап жүреді, арнайы бағдарлама бар. Бірақ 18-ге толғаннан кейін ол бала өзі шешім қабылдау керек, қай елдің азаматтығын алатынын. Егер 18-ден кейін сол елдің азаматтығын алатын болса, біз ешқандай әрекет істей алмаймыз. Өзінің жеке шешімі. Бірақ 18 жасқа дейін асырап алған ата-аналар консулға есеп беріп тұруы керек.

Айбек Смадияров шетелдіктер асырап алған балалар туралы «ақпарат жиналып тұрады» деп сенімді жауап қатты. Тек кей жағдайда мекенжайын ауыстырғанда ғана хабар-ошар болмай қалады екен.

Жалпы, ведомство өкілі «балаларды Африка елдеріне алып кетті» деген ақпаратты жоққа шығарды. Себебі тоқсаныншы жылдары балаларды батыс елдерінің өкілдеріне ғана беру талабы болған.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда 18 жасқа толмаған 1993 бала консул есебінде тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенат депутаты Дархан Қыдырәлі үкімет басшысына жолдаған сауалында Африка және өзге де елдердің азаматтары асырап алған 100-ден аса баладан «еш хабар жоқ» деп мәлімдеме жасаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде