Тина Канделаки енді елімізге аяғын аттап баспайды
«Негізсіз мәлімдеменің кесірі». Қазақстанның ішкі ісіне баға беріп, орыс тілі «кенжелеп қалды» деп уайымдаған ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки енді елімізге аяғын аттап баспайды.
Автор: Айжан Шамшидин
22.01.2024
Сыртқы істер министрлігі, оны Қазақстанға қарсы сөз айтқан адамдардың тізіміне енгізді. Бұған дейін Канделаки өзінің Telegram каналында "орыс тілі мемлекеттік деңгейде ығыстырылып жатыр" деп ақпарат таратқан-ды. Оның мұндай мазмұндағы жазба қалдыруына еліміздегі кейбір жер-су атауларының қазақшалануы түрткі болыпты.
Айта кетейік, көлік министрлігі жуырда кейбір темір жол станцияларын қайта атау туралы Үкімет қаулысын жариялады. Оған сәйкес Косшоку — Қосшоқыға, Сай-Утес — Сайөтеске, Узен — Жаңаөзенге, ал Урал — Орал станциясы болып өзгертілген.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
— Ол әрбір мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезде шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!