{metadescription}
Абылай Мырзахметовтің соты жабық өтетін болды
Абылай Мырзахметовтің соты жабық өтетін болды

Абылай Мырзахметовтің соты жабық өтетін болды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің соты жабық режимде өтетін болды. Бүгін мемлекеттік айыптаушы осындай өтініш білдіріп, бір сағаттай кеңескен судья прокурордың айтқанымен келісті. 

Антикор әуелі Мырзахметов «ірі көлемде парамен ұсталды» деген ақпарат таратқан. Ал өткен аптада ғана оның Қайрат Боранбаевтың туыстарынан 30 миллион доллар ауызбастырық алып, кәсіпкерді қылмыстық жауаптан босатпаққа әрекеттенгені айтылды. Басты сот отырысында прокурор бүгін оның үш бірдей бап бойынша жауапқа беріп жатқанын мәлімдеп, істің жай-жапсарын тәпсірледі. Мырзахметовке қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелеу, ірі мөлшерде бірнеше рет пара беру, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау баптары бойынша айып тағылған.

Еске сала кетейік, «Атамекеннің» бұрынғы бастығының қолына бұған дейін де кісен салынған. Осыдан 21 жыл бұрын, сонау 2003 жылдары ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болып тұрған тұста сотталған. Артынша ол жазасын 5 жыл шартты түрде өтеп бостандыққа шықты. Даулы оқиғадан кейін жеке кәсіпке бет бұрған Абылай Мырзахметов кейін саясат сахнасынан мүлдем алыстап, 2013 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы лауазымына барған еді.

Айжан Көлбаева, Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі жабық сот режимінде қарау жөнінде өтініш берді. Прокурорға істің куәгері жеке басы мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін уайымдайтынын айтып, істі жабық қарауды сұраған. Айыптаудың мән-жайын ескере отырып, сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандыру және осы қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау қажет деп санайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде