{metadescription}
«Майқайың-алтын»: Іздестіруге көңілі толмаған Шәймерденнің әйелі президентке үндеу жолдады
«Майқайың-алтын»: Іздестіруге көңілі толмаған Шәймерденнің әйелі президентке үндеу жолдады

«Майқайың-алтын»: Іздестіруге көңілі толмаған Шәймерденнің әйелі президентке үндеу жолдады

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішіне түсіп кеткен автобус 19 күннен бері табылмай жатыр. Ішіндегі екі адамның да тағдыры белгісіз. Сондықтан іздестіру жұмысына көңілі толмаған Айдос Шәймерденнің әйелі президентке үндеу жолдады.

Нұрсұлу Шәймерден, Айдос Шәймерденнің жұбайы:

Артында кәмелетке толмаған, тіпті аузынан сүті кеппеген бес балам әкесін еңіреп күтіп отыр. Алланың құдыреті шексіз ғой, мүмкін олар тірі шығар. Мүмкін дәл қазір сіздердің көмектеріңіз қажет шығар. Біз 18 күн қайғыдан қан жұтып отырмыз.

Нұрсұлу Шәймерден Қасым-жомарт Тоқаевтан кеніштегі құтқару операциясын өз бақылауына алуын сұрады. Себебі 19 күннен бері жүргізіліп жатқан жұмыс әлі нәтижесіз. Сондықтан қажет болса, өзге мемлекеттен көмекке техника сұрап, балаларымның әкесін құтқарыңыздар деп жанайқайын жеткізді.

Естеріңізде болса, шахтадан шақырту алып түн ішінде келген кәсіби апаттан құтқару жасағы мінген автобус кенішке жақындағанда жер опырылып кетіп, 150 метрлік тереңдікке құлаған. Автобуста болған төрт адамның екеуінің мәйіті табылып жер қойнына тапсырылды. Тағы екі адам мен автобус әлі табылмай жатыр. Бұған кен орнында опырылған алып тастар мен топырақ кедергі келтіруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.