{metadescription}
«Сол күйі есін жимады». Атырауда төбелескен екі азаматтың бірі қайтыс болды
«Сол күйі есін жимады». Атырауда төбелескен екі азаматтың бірі қайтыс болды

«Сол күйі есін жимады». Атырауда төбелескен екі азаматтың бірі қайтыс болды

Сөзге ілініп, соңы қайғымен аяқталды. Атырауда төбелескен екі азаматтың бірі жазым болды.

Ес-түссіз жатқан жігітке тұрғындар өз бетінше көмек көрсетуге тырысқан. Алайда таяқ жеген азамат сол күйі есін жимапты. Жедел жәрдем келгенімен, оның қайтыс болғаны белгілі болды. Полицияның дерегінше, 29 және 40 жастағы жігіттер өзара сөзге келіп, бір-біріне жұдырық жұмсаған. Осы кезде қатты соққы алған 29 жастағы тұрғын ес-түссіз құлайды. Қазір осы қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны қамауға алынды.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

Аталған дерек бойынша ҚК 106-бабы, яғни адам өміріне қасақана зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.