{metadescription}
Тәртіппен тіркелмеген көлік иелері әкімшілік жауапқа тартылады
Тәртіппен тіркелмеген көлік иелері әкімшілік жауапқа тартылады

Тәртіппен тіркелмеген көлік иелері әкімшілік жауапқа тартылады

Елімізде 304 мың автокөлік ресми түрде заңдастырылып қазақстандық нөмірді тақты. Оның 21мыңы — құрастырылып, құжатсыз жүргендер. Тағы 55 мыңы уақытша есепке алынған. Ішкі істер министрлігі таратқан соңғы мәлімет осындай. 

Ведомство өкілдері заңдастырудан өтпеген шетелдік автокөліктер техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажет төлемді төлей отырып, әдеттегідей тіркелуге жататынын атап өтті. Ал белгіленген тәртіппен тіркелмеген темір тұлпарды тақымдап жүргендер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Десе де, қазір алыс-жақын елдерден жеткізілетін көліктердің легі әлі басылар емес. Өйткені құны қымбат ескі-құсқыдан гөрі, жаңа немесе жүрісі аз көліктерді қалта қақпайтын бағаға тақымдауға бәрінің таласы бар. Сұраныс көп. Тиісінше, шетелдік машиналарды Қазақстанға кіргізумен айналысатын компаниялар да жетіп жатыр. Арасында клиенттің ақшасын алып, жол-жөнекей көлікті жоқ қылатындар да жиілеп кеткен. Қазақстанға аман-есен жеткізілген күннің өзінде құжаты жоқ. Сондықтан заңдастырылмай қалып жатады.

Шыңғыс Құдайбердиев, Kazak Auto Logistics компаниясының директоры:

Винкод деген болады. Ол әр машинаның серия нөмірі, зауыттан шыққан кезінен толық «өмірбаяны». 21 ғасырда кодпен интернеттен теретін болсаңыз, ол машина аукционнан қаншаға алынды, қалай келе жатыр, қалай бара жатыр, қандай жағдаймен жолда сатылды, қандай аукциондар арқылы сатып алынды, жеткізілген бағасы қанша болды деген толық мағлұмат аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде