{metadescription}
«Комфортный дом». Қарағандыда үлескерлер не үйге, не қаражатына қолы жетпей жүр
«Комфортный дом». Қарағандыда үлескерлер не үйге, не қаражатына қолы жетпей жүр

«Комфортный дом». Қарағандыда үлескерлер не үйге, не қаражатына қолы жетпей жүр

Қарағандыда «Комфортный дом» компаниясының баспана құрылысына ақша құйған мыңнан аса үлескер не үйі, не қаражатына қолы жетпей жүр. Компанияның үш тұрғын үй кешені бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап, қаңтарылып қалған. Ақшасын қайтара алмай соттасып жүргендер де көп. Бірақ үлескерлердің қолына соқыр тиын түспеген.

Себебі ісі тұралап сот сергелдеңіне түскен компанияның берері де шамалы. Дегенмен олар «инвестиция түссе, жұмысты қайта жолға қоямыз» деп, осы жолы да жұртты сендіруге тырысты.

Қарағанды қаласында соңғы жылдары үлескерлер шулады десе, «Комфортный дом» компаниясының аты міндетті түрде аталады. «Осы жолы да алдандық» деген үлескерлер компанияның кеңсесінің алдына тағы жиналды. Бұл жерде соңғы ақшасын санап беріп далада қалғандар да бар.

Мұхит Ақылбеков, үлескер:

Еріксіз үй жалдап тұрдық. Биыл бесінші жылға кетті. Жаттанды сөздер ғана, «болады, үй салынады» деген. 2020 жылы пандемия деді, бір жылдары «ойбай, мемлекетке өткізіп, КЖК дан алайын деп жатырмыз» деді. Сөйтіп емізіп келе жатқанына екі жыл болды. Екі жылдан кейін біз шартты бұздық.

Компаниямен келісімшартты бұзғандар баспананы өзіне алып, қаражатты қайтарсын дейді. Бүгінде бұлардан сот арқылы 120 адам қаражатын өндіргенімен, әлі ала алмай жүр. Ал құрылыс аяқталады дегенге сенім мүлде жоқ.

Ержан Іскендіров, үлескер:

Мен ақша салған кезде үй осы күйінде тұрған. Арада шартты бұздым, екі жыл өтті, міне, әлі осылай тұр. Бір қозғалыс жоқ. Ұрынады, өйткені қасындай әдемі үйлер тұр. Олар сонымен алдап жатыр. Инстаграмда жарнамасы айқайлап тұр. шаршы метрі ең азы, Қарағадыда, осыларда болып тұр. Мысалы, мен шартты бұза сала, менің пәтерімді бұлар сатып жіберген.

Жоба бойынша 20 қабатты болып салынуы тиіс тоғыз қабаты ғана салынған үй тұрғындар үшін нағыз жарнамаға айналған. Үлескерлер осыған қаражат құя қойсақ, жақын арада баспанаға кіре саламыз деп ойлаған. Алайда төрт жылдан бері құрылыс нысаны қатқан күйі әлі тұр.

Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс сонау пандемия кезінде тоқтаған. Құрылысқа несие берген банк әр кезеңде оның барысын тексеріп, ары қарай қаржыландыруды жалғастырып отырады. Ал тоғыз ай бойы жұмысы тоқтаған кезде ең ірі инвестор банк бұлармен қатынасты үзген. «Ісіміз содан оңбай қалды» дейді компаниядағылар. Дегенмен қазір жаңа қаржы көзі табылғанын айтады. 

Аманжол Райымқұл, жоба жетекшісі:

Бізге инвестиция түсу керек. Оның 50 пайызын қарызды қайтаруға, 50 пайызын құрылысты жалғасытыруға жұмсамақпыз. Менің ойымша, биыл қаражатын талап еткендердің жартысымен еесептесеміз. Өйткені бізге құрылысты да аяқтау керек. Ал құрылыс аяқталып жатса, көп сұрақ өздігімен шешіледі деп ойлаймын.

Тұрғындар бұл мәлімдемені компания өкілдерінің кезекті өтірігі екенін айтады. Сондықтан прокуратураға жазылған ұжымдық арыздары бойынша құзырлы орган компания басшылығын қылмыстық жауапқа тартса дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде