Бурабайдағы Rixos-тың 9 қызметкерінен стафилококк таяқшасы анықталды
Бурабайдағы бес жұлдызды Rixos қонақ үйіне санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Себебі өңірдегі ең қымбат қонақүйдің тоғыз қызметкерінен стафилококк таяқшасы анықталған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.01.2024
Естеріңізде болса, өткен қыркүйек айында бес жұлдызды қонақүйде жұмыс істейтін 21 адам астан уланып, 9-ы ауруханаға түскен: аспаз, даяшы, аспаздың көмекшілері, менеджер, ұйымдастырушылар. Жаппай уланудан кейін санитарлар тексеріс жүргізген. Сөйтсе қызметшілердің өзі стафилококк таяқшасын тасымалдаушы болып шықты. Жұқпалы дерті бар адамдар асханада жұмыс істеген. Мамандардың айтуынша, азық-түлікпен жұмыс істейтіндер міндетті түрде күн сайын медициналық бақылаудан өтуге тиіс. Бірақ бұл талап мүлде орындалмаған. Қонақ үйде екі асхана бар. Бұл аспаздар 100-ден аса қызметші тамақтанатын асханада ғана тамақ әзірлепті.
Сәуле Сәдуақасова, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:
— Асханада азық-түлікпен жұмыс істейтін барлық қызметіші күн сайын тексерістен өтпеген. Олардың қолында жарақаты, болмаса түрлі инфекцияболуы мүмкін екені ескерілмеген. Зертханалық тексеріс олардың стафилаококк тасымалдаушы екенін анықтады. Солай бола тұра, тамақ әзірлеген. Жұқпалы ауру тараған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!