Қуаты 5 балл зілзаланың ошағы — Қытай мен Қырғызстан шекарасы
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таулы аймақта тіркелді. Магнитудасы —7,1 , қуаты — 5 балл.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.01.2024
Тұрғындарының түн ұйқысын бұзған дүмпудің ең күштісі түнгі 12-ден 9 минут өткенде тіркелген. Толқыны Астана, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Алматы және Қарағанды облыстарына жетті. Осы зілзаладан кейін магнитудасы 3 пен 5,3 аралығында 14 афтершок болды. Қытай аумағындағы зілзала кіндігінде бүгін де бірнеше рет афтершок тіркелген. Оның қуаты әлсіз болғанымен, Алматыға да жетіп жатыр. Сеймология орталықтарының мәліметінше, Алматы — зілзала ошағына ең жақын орналасқан мегаполис.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!