Премьер-министр төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жоспарын түзетуді тапсырды
Алматылықтардың уақтылы құлақтандырылмағаны Үкіметте де айтылды. Премьер-министр: «жұрт не істерін білмей дүрлікті» деп жауапты органдарды сынады. Сондықтан сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығу жиі өткізіліп, халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек, - дейді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы облыс әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды.
Автор: Мерей Қалиасқар
23.01.2024
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
— Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақтылы ақпарат алмаған адамдар дүрбелеңге жол берді. Екінші, үшінші қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттен зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін уақтылы қосып, халықты мейлінше ертерек хабарландыру керектігін көрсетті. Жедел әрекет ету үшін басқару органдары, азаматтық қорғау күштерінің басшыларының бекеттегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл тіршілікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!