{metadescription}
Әлеужеліге әсірелеп хабарлама мен видео жариялағандар іздестіріліп жатыр
Әлеужеліге әсірелеп хабарлама мен видео жариялағандар іздестіріліп жатыр

Әлеужеліге әсірелеп хабарлама мен видео жариялағандар іздестіріліп жатыр

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады. Түнде халықты одан әрі қорқытып, әлеуметтік желіге әсірелеп хабарлама мен видео жариялағандарды полиция іздестіріп жатыр. Оларға қомақты айыппұлдан бастап, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кеше түнде жанын шүберекке түйген жұртшылықтың зәресін одан сайын ұшырғандар жетерлік. Мына көріністер соның дәлелі. Яғни әлеуметтік желіде ескі-құсқы кадрларды жинастырып, қаладағы ғимараттардың қирап жатқаны бейнеленген видеолар қаптады. Тіпті бұдан жойқын зілзаланың болатын уақыт, минутына дейін айтылған аудиожазбалар қаптады. Тұрғын үйлердің қабырғалары сөгітіліп, Қазақ ұлттық университеті жатақханасының төртінші қабатты опырылып, төрт студент жаншылып қалыпты деп жатты. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тиісті министрлік хабарлады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

— «Қазақ ұлттық университетінің №6 және №8 жатақханалары қирап, зардап шеккен студенттер бар» деген жалған ақпарат тарады. Хабарлама келе салысымен оның рас-өтірігін анықтауға кірістік. Яғни әлеуметтік желіде тараған видео шындыққа жанаспайды. Жер сілкінісі болған сәтте барлық студент сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды. Кішігірім бөлменің қабырғасы сөгітілген екен. Оған тез арада жөндеу жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде