«Алматыда қатты жер сілкінісі болмайды». Сейсмологтар 100 пайыз кепіл берді
Алматыда қатты жер сілкінісі болмайды. Бұған бүгін жиында 100 пайыз кепіл берді сейсмологтар. Айтуларынша, кешеден бері Қырғызстан мен Қытайда 100-ге жуық афтершок тіркелген. Соның он шақтысы оңтүстік астанада сезілді. Зілзаланы болжауда озық технология қолданатын жапондықтар да табиғи апаттың болар уақытын дөп басып айта алмайды деп отыр. Бүгінде еліміздегі 70 сейсмология станциясының көбі Алматы мен Алматы облысында орналасқан.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.01.2024
Дәулет Сәрсенбаев, ҚР ТЖМ сейсмологияны бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының басшысы:
— Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін деген сұраққа былтыр Түркия мен Сириядағы сейсмикалық оқиғаларды алайық. Ол жақта афтершок әлі күнге дейін жалғасуда. Кахраманмараш қаласындағы сейсмикалық оқиғаларды бәріңіз де көріп отырсыздар. Алматыда қатты әрі жойқын жер сілкінісі немесе афтершок болмайтының 100 пайыз мәлімдей аламын. Керісінше, бәсеңдеп барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!