{metadescription}
«Шыңғырып есім шықты». Қарағандының кейбір аудандарында зілзала қуаты сезілген
«Шыңғырып есім шықты». Қарағандының кейбір аудандарында зілзала қуаты сезілген

«Шыңғырып есім шықты». Қарағандының кейбір аудандарында зілзала қуаты сезілген

Алматыда болған зілзала қуаты Қарағандының кейбір аудандарында да сезілді. Әсіресе жоғары қабатта тұратындар қатты шошынып қалған. Тұрғындар жаппай далаға қашып, кейбірі жер үйде тұратын туыстарын жағалап кетті.

Жаңа салынған 17 қабатты үш үйі бар аулаға түнде келген арнайы вахталық көліктер тұрғындардың бойын жылытты. Себебі дала -20 градус суық болған. Ресми ақпарат бойынша өңірде жер сілкінісінің магнитудасы 2 балл болған. Оны қаланың оңтүстік-шығыс ауданы қатты сезінді. Мұнда жаңа салынған көпбқабатты үйлер көп. Сол сағатта құтқарушыларға тұрғындардан 120 қоңырау түскен. Теміртау мен Балқаштан да «дүмпу сезіндік» дегендер хабарласыпты. Осы көпқабатты үйді тексерген мамандар ғимаратқа айтарлықтай зақым келмегенін айтады. Бірақ жер сілкінісі болмайтын өңірде мұндайды көрмеген кей тұрғындар «баспана жаңа болса да, бас тартамыз» деп отыр.

Рима Ниязбекова:

Қорқыныш, әрине, болды, менің қатты есім шықты. Шыңғырып айғалайғанда 21 жастағы ұлым «мама не болды не болды» деп түршікті. Жалғыз мен емес, бүкіл ел солай ойлаған ғой, басымыз айналды деп. Осы жерде түнде көп халық болды. Мен кетем, бұл ауданда тұрмаймын, ойым өзгерді түбегейлі. Сондықтан қазір жер үй қарастырып жатырмын. Жалға алсам да. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде