Қасқырлар азайып, киіктер күрт көбейген
Қасқырлар азайып, киіктер күрт көбейген. Экология министрі дала жануарының санын реттеуді дер кезінде қолға алынғанына сенімді. Әйтпесе келесі жылы жағдай тіпті ушығады деп қорқады екен.
Автор: Мерей Қалиасқар
23.01.2024
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
— Тек буаз киікті атып жатырмыз деуге болмайды. Онда елік атуды, бәрін тоқтатайық. Жалпы аңшылықты тоқтатайық. Егер тек киікті буаз кезінде атып жатсақ, ол бір мәселе. Онда мен де оған бармас едім. Диқаншылардың еңбегін қалай қорғаймыз? Күзге мал арық болып кірді. Біз киік санын реттеуге мәжбүрміз.
Ақбөкендерді ату ақпанның жиырмасында тоқтайды екен. Бір кездері жойылудың алдында тұрып, Қызыл кітапқа енген жануарлар санын атып реттеу былтыр басталған. Өйткені егістігі тапталып шығынға батқан шаруалардан шағым көбейді. Дала жануарларының саны табиғи жолмен реттелмей жатқандықтан, қолдан азайту ең оңтайлы шешім болды деп есептейді Ерлан Нысанбаев. Экология министрлігінің мәліметінше, бүгінде киік саны 2 миллион маңында. Ал атылған ақбөкен еті консервіленіп сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!