Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды
Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды. Ғылым және жоғары білім министрі мұны елімізде ғылымды коммерцияландыру бағытында атқарылған шаралардың алғашқы нәтижесі деп атап өтті.
Автор: Мерей Қалиасқар
23.01.2024
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
— Дос Сарбасов деген біздің атақты ғалымымыз Техас университетінің Андерсон үлкен онкологиялық орталықта көп жыл бойы жұмыс істеген. Қазақстанға қайтты. Менің қолымда тұңғыш Қазақстанда шығарылған онкологиялық дәрі-дәрмек бар, DVC деген, Қызық бір әдістеме, Дос Сарбасов мырза биотехнолог және жасушалармен айналысады.
Осылайша ғалым қатерлі ісік жасушаларының қоректік процесін бұзудың бірден-бір жолын тауыпты. Бастапқыда инновациялық дәріні қояндар мен тышқандарға сынаған. Қазір Алматының онкология және радиология институтында препараттың көмегімен 15 адам емделуде. Тұңғыш онкологиялық дәрі клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өткен және оның нәтижесі жиналып жатыр. Министр қатерлі ісікке қарсы тың әдіс жан жақты тексерістен өтсе, бір-екі жылда нарықта тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған дәрі пайда болатынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!