{metadescription}
«Шығыста таң ерте атып, ерте батады». Өскемендіктер сағат тілін жылжытуға қарсы
«Шығыста таң ерте атып, ерте батады». Өскемендіктер сағат тілін жылжытуға қарсы

«Шығыста таң ерте атып, ерте батады». Өскемендіктер сағат тілін жылжытуға қарсы

Өскемендіктер сағат тілін кері жылжытуға қарсы. Себебі жұрт шығыста онсыз да таң ерте атып, күн ерте бататынын айтады. Сондықтан қоғамдық талқылауда тұрғындар басқа сағат белдеуіне ауыспауды талап етті.

Ольга Савинова:

Бір сағат кері жылжысақ, бұл бізге қолайсыз. Өйткені жұмыстан қараңғыда шығамыз. Онсыз да күн шығыстан шыққандықтан, таң ерте атады. Ал күн тез батады. Кешіріңіздер, сонда қараңғыда жұмыстан келіп, бау-бақшаны суғарудың өзі қолайсыз.

Биыл еліміздің 15 өңірінде сағат тілін кері жылжытуға шешім қабылданған. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт бір сағатқа шегеріледі. Ал өскемендіктер онсыз да 5-ші сағат белдеуінде орналасқанын айтып дабыл қағуда. Өйткені қыстың күні шығыста кешкі сағат бесте қараңғы болады. Сондықтан жұрт сағат тілін кері жылжыту қолайсыз дейді. Алайда мамандар уақытты кері жылжыту денсаулыққа пайдалы деп отыр. Тіпті миымыз тынығып, науқас саны кемиді дейді.

Болат Нұрғожаев, Уақыт өлшемі бойынша жұмыс тобының мүшесі:

Бірінші кезекте бала денсаулығына жақсы. Біз қазір бала ашушаң дейміз.Не себепті ашушаң? Өйткені біз балаларды оянбай тұрып, таң алдында мәжбүрлеп сабаққа отырғызамыз. Ол баланың жағдайы қандай болатынын білесіз. Екінші мәселе, онкологиялық ауруларда осының үлесі аз емес. Үшінші мәселе жол апаттары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.