{metadescription}
«Дәрігер қателігі» енді сотсыз, қаржылай өтелетін болды
«Дәрігер қателігі» енді сотсыз, қаржылай өтелетін болды

«Дәрігер қателігі» енді сотсыз, қаржылай өтелетін болды

«Дәрігер қателігі» енді қаржылай өтеледі. Ем-дом жүргізген медициналық қызметкердің жұмысы денсаулығыңызға нұқсан келтірсе, сотқа жүгінбей-ақ өтемақы өндіріп ала аласыз. Ақшаны дәрігер жеке қалтасынан төлемейді, есеп айырысу медициналық ұйымды сақтандырған компания есебінен жүргізіледі.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:

Енді әр медициналық ұйымның деңгейінде тәуелсіз эксперт комиссиясы құрылады. Яғни сол медициналық ұйымның деңгейінде сол азаматтың деңгейінде нұқсан келтірілсе, ол сол жерде өтінішін беріп, сол жерде өтініш бойынша құрылған комиссияның шешімі шығып, ол комиссияның шешімі дереу сақтандыру компаниясына жіберіліп, сол уақытта сақтандыру компаниясы азаматтың шотына ақша аударады.

Бүгінде барлық медициналық ұйым сақтандыру компанияларымен шарт жасасуды бастап кеткен. Соның негізінде әрбір дәрігер олқылығы жеке дара қаралып, төленетін қаражат көлемі анықталады.

Дәрігер қателігінен көз жұмған марқұмның туыстары да арнайы сараптама тағайындатып, ақшалай өтемақы өндіріп ала алады. Ал ота кезінде науқас ағзасында дәке мен ине сияқты қалып кеткен заттар үшін дәрігерлер тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін.

Дегенмен заң жобасын талқылаған депутаттар «мақсатымыз дәрігерлерді жығып беру емес» дейді. Қайта оларға әлеуметтік қолдауды арттырмақшы. Мәселен, жаңа жылдан бастап шалғай аймаққа білек сыбана жұмыс істеймін деп кеткен жас маманға 100 ең төменгі жалақы, яғни 9 миллион теңгеден берілмекші. Бірреттік төлемді алу үшін, кемі сол ауылда 5 жыл еңбек етуі қажет.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:

Медициналық мамандарды қолдау үшін, медицинаны дамыту үшін, ауылдағы медицинада мамандардың жетіспеушілік проблемасын шешу үшін 100 минималды айлыққа тең, қазіргі уақытта көтерме ақыны беріп отырмыз. Биыл бұл 9 миллионға жуық қаражат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде