{metadescription}
Петропавлда тозығы жеткен құбырлар жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Петропавлда тозығы жеткен құбырлар жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

Петропавлда тозығы жеткен құбырлар жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

Петропавлда екі жерден жарылған жылу құбыры коммуналдық қызметті аяғынан тік тұрғызды. Жердің астынан атқылаған ыстық су көшелерге жайылып, қаланы қалың бу басты. Ал мыңдаған тұрғын жылусыз отыр.

Виталий Мельников:

Үйіме кіре алмай жүрмін. Абай көшесі жағынан келіп, әйеліме терезеден кілт лақтыр дейін десем, айналаны су басып қалыпты. Сосын көршімнен резеңке етік алып өтсем, ыстық су аяғымды қыздырып барады. Подьездге кірсем, 10 сантиметрдей су кіріп кетіпті.

Жылу магистраліндегі құбырлар бірінен соң бірі жарылып, қала орталығын әп-сәтте ыстық су басып қалды. Айнала буланып, тұрғындарға көшеде жүру қиындаған. Алғашқы құбыр жарылғанда 28 көпқабатты, алты жер үй және балабақша жылу және ыстық сусыз қалды. Коммуналдық қызмет жабылып жүріп түске дейін жарылған жерін жамап үлгергерген. Алайда сәлден кейін екінші жерден тағы да ақау шықты. Бұл апаттан төрт жеке компанияның кеңсесі жылусыз қалып, қаладағы ең ірі сауда орталығына су кірген. Бұл жолы ыстық су асфальттың астынан атқылап, жол қозғалысын уақытша тоқтатуға тура келді. Өйткені будан жол көрінісі де нашарлады. Жылу кәсіпорынының жұмысшылары апатты түнге дейін қалпына келтіруге жанталасып жатыр. Бірақ құбырдың жер астында болғаны қиындық туғызуда.

Виталий Холоша, «Петропавл жылу жүйесі» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

Әбден тозған. Жылу құбырлары 70, 80-ші жылдары пайдалануға берілген. Иә, әрине, біз жыл сайын жоспарлы жөндеу жасаймыз. Құбырлар негізінен ескі. Қазір қаладағы жылу магистралі 70 пайыз тозған. Сондықтан жиі жарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде