Алматы облысында полиэтилен бұйымдарын сақтайтын қойма өртенді
Алматы облысында полиэтилен бұйымдарын сақтайтын қойма өртенді. Таң алдында тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 3600 шаршы метр аумаққа таралған. Өртті сөндіруге екі сағаттай уақыт кетті.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.01.2024
Өрт туралы хабарлама тым кеш түсті дейді төтеншеліктер. Үлкен аумаққа тарап кетуі де сондықтан. Күш алған жалынды сөндіру де оңай болмапты. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 18 техника мен 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылған. Зардап шеккен адам жоқ. Жапсарлас нысандарға да зиян тимеген. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам ғана бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!