{metadescription}
Қылмыстық іс: Маңғыстау облысында мүгедек оқушыны он бала жабылып сабаған
Қылмыстық іс: Маңғыстау облысында мүгедек оқушыны он бала жабылып сабаған

Қылмыстық іс: Маңғыстау облысында мүгедек оқушыны он бала жабылып сабаған

Маңғыстау облысында мүгедек баланы оңбай сабаған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарақия ауданының Құрық ауылында 15 жастағы оқушыны он бала жабылып ұрған.

Әсем Рахымбердиева, жәбірленушінің анасы:

Мейрамбекті 10-12 бала сол жерде сабайды. Қасындағы дос баласы сізге пышақ тығамын деп дос баласын қорқытқан. Сол үшін құтқара алмаған. Сағат 19:56-та үйге келгенде бірден жедел жәрдем шақырдым.Оның алдында, 24 сәуірде күні тура осындай жағдай болған. Тағы он бала сабады. Ол кезде баланың жағдайы өте нашар болды. Төрт-бес күн комада жатты.

Оқиға өткен аптада болған. Досымен бірге донер жеуге бара жатқан 15 жастағы жасөспірімді қатарластары таяқтап тастаған. Жәбірленуші екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан екен. Алған жарақатына байланысты бала ауруханада жатып ем-дом алып, қазір үйіне шығарылған. Мұндай оқиға былтыр да болған көрінеді. Ол кезде де 9 сынып оқушысын он шақты бала өлімші етіп сабап, бес күндей комада жатқан. Осыдан кейін жиі талмасы ұстап мүгедектік беріліпті. Тіпті сабақты үйден оқитын жағдайға жеткен. Былтырғы төбелестен кейін еш әрекет етпеген полиция енді бапты өзгертіп жатыр дейді анасы. Айтуынша, жақында бірінші іс бойынша сараптамадан өту үшін баласы Астанаға кетуі керек болған. Алайда соның жолын кескісі келген бұзақылар баламды тағы таяқтап кетті деген анасы күдігін жасырмайды.

Байжан Байгелді, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары:

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция кінәлі адамдарды анықталды. Қылмыстық іс департамент бастығының бақылауында. Ал 2023 жылы болған оқиға бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде