{metadescription}
Сәби дүниеге келе сала жеке сәйкестендіру нөмірі берілетін болды
Сәби дүниеге келе сала жеке сәйкестендіру нөмірі берілетін болды

Сәби дүниеге келе сала жеке сәйкестендіру нөмірі берілетін болды

Жаңа туған сәбиге енді аты-жөнінен бұрын жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған Екатерина Смышляева бұл норма бірінші кезекте бала саудасына тосқауыл болатынын атады. Ол қазақстандықтарға ғана емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты. Депутаттың айтуынша, ендігіде жеке сәйкестендіру нөмірін беру ата-анаға байланысты болмайды. Жалпы бұл құжат соңғы кезде белең алған бала саудасынан бөлек, алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ баланы бірден табуға едәуір сеп болмақ.

Екатерина Смышляева, депутаты:

Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр. Бұл медициналық ақпараттық жүйеде автоматты түрде белгіленеді. Яғни дүниеге келген бала еліміздің барлық ақпарат жүйесінде бірден азамат ретінде көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.