{metadescription}
Таразда аурухана басшылары 758 миллион жымқырды деген күдікке ілінді
Таразда аурухана басшылары 758 миллион жымқырды деген күдікке ілінді

Таразда аурухана басшылары 758 миллион жымқырды деген күдікке ілінді

Қазынаға қол салған. Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Таразда көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен есепшісін ұстады. Бюджет бүйірін тескен қос күдікті қамауға алынды. Алайда антикор ірі көлемдегі ақшаның қалай ұрланғанын ашып айтпай отыр. Құлқыны кең күдіктілерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Келген шығын 758 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде