{metadescription}
ШҚО: Қалың қарда қалған жылқылар Төсқайыңға жеткізілді
ШҚО: Қалың қарда қалған жылқылар Төсқайыңға жеткізілді

ШҚО: Қалың қарда қалған жылқылар Төсқайыңға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысындағы қалың қар астында қалған жылқылар Төсқайың ауылына жеткізілді. Омбы қарда әбден болдырып қалған 350 бас жұмыр тұяқты жануарды ауыл азаматтары ақұлпаны атпен жарып әрең әкелген.

Жайылымда жүріп қалың қар астында қалып қойған тоғыз отбасының жылқысы. Жануарлар тебіндей алмай әбден ашыққан. Тіпті кейбірі бір-бірінің жал-құйрығын жей бастаған көрінеді. Жылқыларды әлдендіруге аудандық әкімдік 20 тонна жем, 40 мая шөп жеткізіп жатыр.

Ал Марқакөлдегі бірқатар елдімекендер қар астында қалғанына жарты айға жуық уақыт болды. Коммуналдық мекемелерге қалың қарды тазалау оңайға соқпай отыр. Себебі елдімекендердің арасы 40-50 шақырым. Оның үстіне кей жерлерде қардың қалындығы үш метрге дейін жеткен. Тіпті желдің ызғарымен мұзға айналып қатып қалған. Қазір үш техника Шанағаты - Балықтыбұлақ жолын қардан аршуға кірісті.

Шанағаты ауылы. Жол ашып барамыз. Техника түнімен дүрілдеп тұрады. 40 градус аяз болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде