{metadescription}
Маңғыстауда 1200-ге жуық аққу қырылған
Маңғыстауда 1200-ге жуық аққу қырылған

Маңғыстауда 1200-ге жуық аққу қырылған

Маңғыстауда өлген аққулар саны 1200-ге жуықтады. Бір апта бұрын зерттеу жүргізген мамандар «бәрі құс тұмауынан қырылды» деген қорытындыға келген.

Өлекселердің тоқсан пайызы жас аққу екен. Ортаға әлі бейімделмеген және имунитеті әлсіз дейді табиғат инспекторлары. Сондықтан құс тұмауынан қырылып қалған.

Бүгінде өлексе саны 1198-ге жетті. Оның 1122-і Қаракөл аумағынан табылса, 69 құс Құрық ауылынан, ал 7 құс Ақтаудағы теңіз жағасынан. Мамандар өлген аққулар саны күн сайын азая бастағанын айтады. Бұған дейін күніне 100 бас аққудың өлексесін тапса, қазір бұл көрсеткіш біраз сиреген.

Тұрғанбай Шапағатов, Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумағы инспекциясының бөлім басшысы:

Өлген аққулардың саны азайды. Қазір күнделікті анықтау кезінде күніне 12, 15 бас шамасында өлген аққутіркеліп отыр. Күнделікті Қаракөл көлін бақылау кезінде жалпы аққудың жағдайы жақсы, яғни бір жерден екінші жерге ұшып келіп-кетуі, көлдің аумағынан жем тауып отырғаны байқаладыы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде