{metadescription}
Ақмарал Әлназарова: Донорлар төлемін бес есе көтеру керек
Ақмарал Әлназарова: Донорлар төлемін бес есе көтеру керек

Ақмарал Әлназарова: Донорлар төлемін бес есе көтеру керек

Донорларға арналған төлемді бес есе көтеру керек. Сенат депутаты он жыл бойы көтеріліп келе жатқан мәселені Үкімет назарсыз қалдырмай ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде жыл сайын 250 мыңға жуық адам донор болады, соның 47 пайызы тұрақты қан тапсырады. Ниет білдіргендер донациядан кейін энергия шығынының деңгейін толтыруы керек. Яғни бір реттік тамақтануға 923 теңге, міндетті арнайы төлем беріледі. Алайда сенатор бұл сома адам ағзасының қайта қалпына келуіне және анемияның алдын алуына «тым жеткіліксіз» дейді.

Ақмарал Әлназарова, Сенат депутаты:

Ерікті донорлардың денсаулығы тиісті түрдегі қолдауды қажет етеді. Ұсыныстарға сәйкес, донор қан тапсырған күні анемияның алдын алу үшін тиісті рационда тамақтанып, жоғалтқан килокалория мен микроэлементтердің орнын толтыруы керек. Осы ретте Үкіметтен донорларға өтемақыны 923 теңгеден 4615 теңгеге дейін тиісті түрде ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Қосымша бюджет қаражаты — жылына 848 млн теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.