{metadescription}
Kaspi.kz компаниясы АҚШ қор биржасында табысты IPO өткізді
Kaspi.kz компаниясы АҚШ қор биржасында табысты IPO өткізді

Kaspi.kz компаниясы АҚШ қор биржасында табысты IPO өткізді

Қазақстандық ірі технологиялық Kaspi.kz компаниясы АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында табысты IPO өткізді. Бұл Қазақстан үшін маңызды бұл оқиға.

Өткен аптада Нью-Йорктің орталығы әйгілі Time Square-де еліміздің жалауы қазақстандық Kaspi.kz компаниясының АҚШ-та ІРО-ға шығу құрметіне желбіреп, көпшіліктің назарын аудартты.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы:

—  Нью-Йорктің ортасындағы Time Square-де Қазақстанның үлкен жалауы желбірегенін көргенде кеудемізді кернеген мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу қиын. Біз сіздермен бірге Қазақстанды жаңа деңгейге көтердік, Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгіздік және әлемнің көптеген елдері, компаниялары мен инвесторлары үшін үлгі болдық. Kaspi.kz дамуында жаңа кезең басталды. Енді бізде сіздердің әрқайсыңыздың және ел алдында бұдан да үлкен жауапкершілік тұр. Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет!

IPO – бұл қор биржасында акцияларды орналастыру. Бірнеше жыл бұрын қазақстандық Kaspi.kz Лондонда IPO өткізіп, сол тұста Еуропадағы ең ірі компаниялардың біріне айналды және әлемнің жетекші инвесторларының назарын Қазақстанға аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыс бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Финтех саласындағы өңірлік көшбасшы Kaspi.kz-тің IPO-сы капитал нарығының динамикасы мен ілгерлеуіне мүмкіндік берді.

Енді Kaspi.kz АҚШ қор нарығын бағындырды. Бұл жолы IPO NASDAQ биржасында өтті, онда Apple, Amazon, Google және әлемнің басқа да көптеген жетекші технологиялық компанияларының акциялары орналасқан. Kaspi.kz-тің IPO-сы өткен жылдың қазан айынан бері АҚШ-тағы ең ірісі болды.

Кэрен Сноу, NASDAQ жаһандық орналастыру жөніндегі жетекшісі:

—    Kaspi.kz 17 жыл бұрын Қазақстанда, Алматыда құрылған уақыттан бері компания халықтың өмірін жақсартуды өзінің миссиясына айналдырып, цифрландыруға үлкен үлес қосты. Kaspi.kz суперқосымшасы қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Сіздің командаңызды құттықтаймыз! NASDAQ Kaspi.kz-пен серіктес болғанын мақтан тұтады және Қазақстаннан АҚШ-та IPO жасаған бірінші компанияны қарсы алады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы:

— Көп рахмет! Болашақты жасайық. Біз адамдардың өмірін Қазақстанда да, оның сыртында да жақсартуды жалғастырамыз.

Kaspi.kz-тің америкалық қор нарығына сәтті шығуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді және еліміздің қарқынды цифрлық трансформациясының табыстылығын айқын көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде