{metadescription}
Алматыда қай ғимараттар зілзалаға төтеп бере алады?
Алматыда қай ғимараттар зілзалаға төтеп бере алады?

Алматыда қай ғимараттар зілзалаға төтеп бере алады?

Жойқын жер сілкінісіне Алматыда қай ғимараттар шыдас бере алады? Кешегі 5 балл зілзаладан кейін көптің көкейінде жүрген сұрақ та осы. Қалада қаптаған зәулім үйлердің сырты жарқырап тұрғанымен, апат келсе түгі қалмай қирап қалады деген ел-жұрттың пікірі бар.

Әрі әлдеқайда қауіпсіз деген панель үйлердің өзі қатты сілкініске шыдас беруі екіталай. Өйткені кезінде көбісі бөлмелердің қабырғасын бұзып, бастапқы жоспарын өзгерткен. Қандай үйлер қауіпсіздеу екенін КТК тілшісі анықтап көрді.

Алматыдағы құрылыстың бір сәт болсын тоқтағанын көргенім жоқ. Қай жерімен жүрсең де, қай жерінен өтсең де, бір нәрсе салынып жатады. Әсіресе тұрғын үй кешендері құмырсқаның илеуіндей қаптаған. Алдыңғы 5 балл зілзаладан қаладағы біраз ғимараттың қабырғасы жарылып зақымданды. Ал енді одан а жойқын апат келсе қалай болмақ?

Бұл сауал еліміздің еңбек сіңірген құрылысшыларын да алаңдатып отыр. Айтуынша, 2000 жылдарға дейін тұрғызылған үйлер қазіргіден әлдеқайда сапалы, тиісінше 6-7 балл сілкініске шыдас бере алады. Ал, соңғы жылдары бой көтергендерінің шыдамдылығына күмәнмен қарайды.

Мұхтар Айсауытов, ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы:

Әл-Фарабиде тұрған шыныпакеттен салынған үйлерге күмәнім бар. Металл ғой. Ол майыса бастаған кезде бәрі сына бастайды. Адамдардың бәрі қырылып қалады деп қорқамын.

Қазір салып жатқан құрылысшылардың жұмысына көңіліңіз тола ма аға?

Толмайды. Оқытпайды. Орташа буын деген жоқ. Бәрі коммерция, бәрі ақша болып кетті.

Алматыдағы ғимараттардың жойқын жер сілкінісіне қаншалықты төтеп бере алатынын анықтау үшін мамандар 2017-2018 жылдары 10 мыңнан аса нысанды паспорттаудан өткізген. Яғни үйдің неден салынғаны, қашан тұрғызылғаны, зілзалаға төзімділігі тексеріліпті. Сөйтсе 30 пайызы қауіпті деп танылған.

Ералы Шоқбаров, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ басқарушы директоры:

Бүгінде жаңа салынып жатқан құрылыстың бәріне смета жоба жасалынады. Ол мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл жерде сұрақ туындайды, бүгінгі салынып жатқан тұрғын үйлердің бәрінде жоба бар, ол тиісті жерде жасалынады, мемлекеттік сараптамадан өткізіледі, ол үй қалай салынды? Сол жерде бізде сұрақ. Өйткені біз кез келген тұрғын үйдің сапасын тексере алмаймыз.

Мамандардың айтуынша, негізінде төрт-бес қабатты құрамалы қаңқалы, темірбетон қаңқалы және жоспары өзгеріссіз қалған панель үйлер зілзалаға төзімді. Ал құрылыс нормасына сай емес, кірпіштен тұрғызылған және ағаш үйлер жойқын жер сілкінісінде құлап қалады.

Қазір құрылыс компаниялары қалтасын қампайтып алуы үшін үйді салғанда материалды үнемдеп немесе сапасы төмендеуін пайдалануы мүмкін екені жасырын емес. Ал тексеретін органдар бұған кейде көз жұма қарайды дейді тұрғындар. Бірақ құжаттары бүгін сақадай-сай болып, бетін әрі қылсын, алда-жалда апат кеілп, Түркиядағыдай трагедия бізде қайталанбаса болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.