{metadescription}
Майқайыңдағы апатқа қатысты тергеу нәтижесі — өндірісті бақыламаған
Майқайыңдағы апатқа қатысты тергеу нәтижесі — өндірісті бақыламаған

Майқайыңдағы апатқа қатысты тергеу нәтижесі — өндірісті бақыламаған

Майқайыңдағы апатқа қатысты комиссия тергеу нәтижесін жариялады. Тексеру жүргізгендер қайғылы оқиғаға жеті адам жауапты деп отыр. Олар тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігіне бас қатырмай, өндірісті бақыламаған.

Қаңтардың төртінде басталған комиссия жұмысы жиырма күнге ұласты. Оның құрамына сараптау жүргізетін төрт бірдей мекеме өкілдері кірген. Ресейден де мамандар тартылыпты. Олар "Майқайың-алтын" акционерлік қоғамы басшыларының осыншама жаупсыздыққа жол бергеніне таң қалып отыр. Өндірісте қадағалау қашан жүргізілгені беймәлім. Тек тонналап алтын-күміс қазуды ғана ойлаған сыңайлы. Кен өндіргеннен кейін жер астында бос қалған аумақты толтырмай, сол күйі тастап кетіп отырған. Ақыры сол ойыққа автобус құлап, ішінде болған екі адамның денесін де, көлікті де үш аптадан бері шығара алмай отыр.

Ойықтың тереңдігі 150 метрдей. Құтқарушылар бұрын-соңды мұндай апат әлемдік тәжірбиеде болмаған дейді. Сондықтан жер тағы ойылып кете ме деген қауіппен құтқару жұмыстары осыншама уақытқа созылып келеді.

Данияр Андасов, Павлодар облысы өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің басшысы:

Тергеу нәтижесінде акті құрылып, кәсіпорынға жиырма іс шара жоспары берілді. Тергеуде барлық қажет құжат алынды, қаралды. Ннәтижесінде кәсіпорын жұмысты бақылап, дұрыс жүргізбегені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.