{metadescription}
Активтер: 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр
Активтер: 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр

Активтер: 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр

Елімізде 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексерілуде. Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысында алыс-берісі мұқият тексерілетін жаңа есімдер талқыланды.

Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы:

Бүгін комиссияның шешімімен заң субъектілер тізілімі толықтырылды. Жаңа тізілімге енгізілген тұлғалар тиісті хабарлама алып, активтерді қайтару жөніндегі комитетпен тексеру және басқа да бақылау шарасы жүргізіледі. Біз сол тізілімдегі субъекті активтерінің пайда болу заңдылығын тексереміз.

Қазақстандық бай-бағландардың қайсысы комиссия тізіміне еніп, активтерінің қайдан шыққанын дәлелдейтіні айтылған жоқ. Дегенмен өзге де мәліметтер жария етілді. Мәселен, реестрге енгізілген кейбір тұлға кінәсін мойындап, мүлікті өз еркімен қайтаруға ниет білдірсе, енді бірі активтерін беруден бас тартып, соттасуға дейін бармақшы.

Комиссияға төрағалық ететін премьер-министр Әлихан Смайылов алдағы уақытта бірнеше істі сотқа жолдайтынын жеткізді. Ол тұлғалардың аты-жөні бүгін аталмаса да, тексерілетін нысандар мен сомалар ашық айтылды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

Жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс шеңберінде 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі анықталды. Оның ішінде шетелде 131 объект. Жалпы құны 448 млрд теңге болатын бағалы қағаздар туралы деректер алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын 250 мың банктік транзакция, оның ішінде 1,4 трлн теңге күдікті операциялар тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде