{metadescription}
Әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі
Әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі

Әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі

Елімізде әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі. Бұл әуе кемелерінің қауіпсіз ұшып-қонуына сеп болады деп түсіндірді көлік министрлігі.

Министрлік әуежайға тым жақын салынған ғимараттардың санын анықтауды бастап кеткен. Ережені жан-жақты талқылаған комиссия мүшелері сүрілуге жататын нысан қожайындарына қанша өтемақыны берілетінін әлі шешпепті. Сондай-ақ жаңа өзгерістер әуежай аймағында биік ғимараттар мен егіс алқаптарының мүлдем болмауын көздеп отыр.

Мұхтарбек Тұрлыбеков, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аэродромдар департаментінің инспекторы:

Әуежай маңында ауыл шаруашылық фермалары, құс өсіретін фабрикалар орналаспауы тиіс. Яғни нысанның жұмысына ештеңе кедергі келтірілмеуі керек. Санитарлық-қорғаныс аймағы болып есептелгендіктен, бұл маңда жер үй құрылысына рұқсат етілмейді. Қайта-қайта ұшақтардың ұшуынан ауаға бөлінетін қалдықтар әуежай маңында тұратын адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде