Қарағанды - Теміртау тас жолында 17 көлік соқтығысты
Қарағанды мен Теміртау арасындағы тас жолда ақтүтек боранда 17 көлік бір-ақ соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жарақат алғандар да бар.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.01.2024
Жол апаты Теміртаудан шыға берісте болған. Жол ережесінің кімнің бірінші бұзғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр. 16 жеңіл көлік пен Астана -Алматы бағытындағы автобус соғылған. Қоғамдық көлікте бес адам болыпты.
Полицияның мәліметінше, бір адам қаза тапқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өңірде дауылды ескерту жасалды. Осы апаттан кейін Қарағанды - Теміртау тас жолы жабылды. Ортада қалғандарды полиция қалаға жеткізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!