{metadescription}
Мұғалімдердің қаржысын жылдар бойы өз таныстарына аударып отырған
Мұғалімдердің қаржысын жылдар бойы өз таныстарына аударып отырған

Мұғалімдердің қаржысын жылдар бойы өз таныстарына аударып отырған

Түркістан облысының бухгалтерлері мемлекетке миллиардтан астам шығын келтірді. Мақтаарал, Бәйдібек және Келес ауданы білім бөлімдерінің есепшілері мұғалімдерге түсуі тиіс қаржыны жылдар бойы өз таныстарына аударып отырған.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері мен прокурорлар бұл бөлімдердің бухгалтериясын тексергенде жағасын ұстады. Себебі есепшілер соңғы үш жылда мұғалімдердің карталық есепшоты мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің орнына өз таныс-тамырларының шоттарын жазып отырған. Сәйкесінше, ұстаздарға түсуі тиіс аударым есепшілердің туыстары мен әйелдеріне аударылған. Тергеу мәліметінше Мақтарал білім бөлімі миллиард 200 миллион теңге, Бәйдібек ауданы 600 миллион, ал Келес ауданы есепшілері мемлекетке 400 миллион теңге шығын келтірген. Қазір үш аудандағы білім бөлімдерінің қызметкерлері ұсталып, тергеліп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша тінту жүргізіліп, жылжитын және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. Қазір іс бойынша жауапкерлер 120 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде