Қарағандыда компаниялардың қаражатын қитұрқы жолмен заңдастырған күдікті ұсталды
Қарағандыда бірнеше компанияның қаражатын салықтан жалтара отырып түрлі құйтырқы жолмен заңдастырған күдікті ұсталды. Бұрын да осындай қылмыспен істі болған азамат 40 миллиард теңгені құзырлы органдардың көзінен таса қылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.01.2024
Күдіктінің жасаған қылмыстық схемасы қарапайым. Бизнесмендер банктен миллиардтаған соманы салықсыз шығару үшін, ол жалған жедел несие беру ұйымдарын құрған. Қаражатын көлеңкемен өткізгісі келген заңсыз түлға жедел несие ұйымынан бизнеске қажет қаражатын қарызға алған болады. Ол, әрине, жалған несие. Соның өтеуіне деп шотынан қаражат аударады. Бірақ ол ақша айналып келіп өз қолына түседі. Күдікті тапқырлығы үшін келісілген пайызын алып отырған. Қазір осы қитұрқылыққа қатыстылардың бәрі тергеуге алынып жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
—2022 жылдан бастап қазіргі күнге дейін сатып алушы контрагенттері бар тоғыз компания бойныша жалпы айналым 40 миллиард теңгеден астам. Тергеуде жалған шот фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті бұрын осыған ұқсас қылмысты 3 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!