{metadescription}
Риддерде өзеннің тасқын суы 30 шақты үйді мұз құрсауында қалдырды
Риддерде өзеннің тасқын суы 30 шақты үйді мұз құрсауында қалдырды

Риддерде өзеннің тасқын суы 30 шақты үйді мұз құрсауында қалдырды

Риддер қаласында 30 шақты үй мұз құрсауында қалды. Баспана мен қора-қопсыға кірген су аязда көк мұзға айналған. Қалындығы кей жерлерде бір жарым метрдей. Тұрғындардың айтуынша, Лениногор су электр станциясынан суды босатқанда өзен арнасына сыймаған су ауылға жайылған. Жұрт күн жылынса қызылсудың астында қаламыз ба деп алаңдап отыр.

Су электр станциясының су босату жұмыстары риддерліктерді абдыратып тастады. Громатуха өзенінің арнасынан асқан су саяжайдағы 28 үйді басып қалған. Артынша аязда мұз боп сіресіп қатып қалған. Кей жерде қаңдығы 1,5 метре жетеді. Енді шағын шаһар жұрты көктемді үреймен күтіп отыр.

Антон Троеглазов:

Жұрт болып бәріміз төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалдық. Өтініш қабылданды. Бірақ еш әрекет жасамады. Амалдың жоқтығынан трактор жалдадық. Оған жолда қатқан мұздарды алдырып жатырмыз. Бізге ешкім көмектеспеді. Көктемде мұз ерісе жаппай су астында қаламыз.

Қазір қорқыныш құшағында қалған жұрт құжаттарын қауіпсіз жерге қойып апатқа дайын отыр. Өйткені қалың мұз ерісе, ойпатта тұрған үйлерді қызылсу шайып кетуі мүмкін. Ал дүние-мүлкі малмандай су боп бүлінген жұрт шенеуніктерден шығынды өтеп беруді талап етуде.

Вениамин Халдеев:

Бүкіл жиған-тергенім бәрі су астында қалды. Саяжайымда тоңазытқыштан бастап бәрі бар еді. Ал бір жарым метр су бір ай бойы басып жатыр. Ешкімнен ешқандай әрекет жоқ. Қып-қызыл шығынға баттық. Құрдымға кеткен заттарды енді кім төлейді? Өтеп берсін.

Ал жекеменшік станция басшылығы табиғаттың тосын мінезінен су босатуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі күн күрт жылынып кеткен көрінеді. Енді жергілікті билік қызылсу кірген баспаналарды қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатыр. Олардың айтуынша, шығын көлемі мен кінәлі тұлға арнайы комиссияның қорытындысы шыққанда анықталады.

Мақсат Әкірамов, Риддер қаласы, ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Комиссия құрылды. Барлық жағдай бойынша мәселені қарастырып жатыр. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындар, яғни саяжай иелерінің мүлкін есептеп те жатыр, құжаттарына сәйкес жұмыс атқарылады.

Мамандар саяжай бағбан жер телімі болғандықтан үй салуға болмайтынын жеткізді. Алайда су астында қалған 28 сажайдың 12-сінде жұрт қысы-жазы тұрып келген.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 50-ден астам елдімекенге көктемде су басу қаупі төніп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде