{metadescription}
Көкшетау: Миллиардқа жеті жылдай мектеп салып, жұмысшыларды ақшасыз қалдырған
Көкшетау: Миллиардқа жеті жылдай мектеп салып, жұмысшыларды ақшасыз қалдырған

Көкшетау: Миллиардқа жеті жылдай мектеп салып, жұмысшыларды ақшасыз қалдырған

«Құлагер» шағын ауданынының тұрғындары жаңа мектепті жеті жыл күтті. Осы жылдар бойы мемлекет тапсырысымен салынып жатқан нысанның бағасы да қайта-қайта өзгеріп, бір жарым миллиардқа жетті. Тіпті жобасы дұрыс жасалмай, құрылысы тоқтап қалған да кезі болды.

Тек өткен қыркүйекте ғана қаланың әр мектебінде оқып жүрген 500-ге жуық оқушыға жаңа мектеп есігін айқара ашты. Бірақ, мұнымен бұл құрылыстың маңайындағы шу басылмапты. Енді құрылысшылары мердігерді іздеп әуре болып жүр.

Таңат Әлібеков, құрылысшы:

Зейнетақы қорына аудармаған, медициналық сақтандыру жоқ. Тіпті табыс салығына дейін төленбеген. Міне, мына тұрған адамдар бәрі жұмыс істеді. Ақыры бір тиынсыз қалды. Сонда мемлекеттен осыншама қаражат төленіп, оны ешкім тексермей ме? Мектеп тапсырылды, оған толық төленді ғой.

Ольга Әбілова, жеке кәсіпкер:

Біз мектепті тапсырғанға дейін бел жазбай еңбек еттік. Ол кезде әкімдер жиі келетін. Маған, мәселен, 17 миллион теңге қарыз. Мен мына тұрған сылақшы әйелдерге беруім керек, олар менен сұрайды. Миллиардтан аса қаражат сұмдық ақша ғой. Біреу жауап беру керек қой!

Мердігерді іздеп таппаған құрылысшылар сотқа да жүгінбек болған. Бірақ оларға қажет қағаздарды мердігердің әйелі бермей қойған. Себебі ол компанияның кадр бөлімін басқарады дейді жиналған жұрт. Ал сотқа да, еңбек инспекциясына да жүгіну үшін құжат керек.

Амангелді Смайылов, Ақмола облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы:

Серіктестікте жұмыс істейтін 11 адам 2022 жылы ұжымдық шағым түсірген. Сол шағым бойынша еңбек инспекциясы тексеріс жасап 5 миллион 200 мың теңге жалақы төленді.Серіктестікке айыппұл салынды. Одан кейін прорабтың заңгері келді. Бірақ құжаттар толық болмай, оларға уақыт бердік.

Бұл құрылысшылар Көкшетауда жаңа салынған мектеп, балабақшаларда жұмыс істеген. Бірақ ешбір мердігер ақысын жемепті. Енді Владимир Пинчукті іздеуге мемлекет ақшасын төлеген әкімдік те көмектессе дейді.

Мердігер компанияның басшысы Владимир Пинчукті біз де іздеп көрдік. Телефон шалғанымызда, ешбір ақпарат бермейтінін айтты. Құрылысшылардың жалақысын наурызға дейін төлеймін деп уәде берді. Білуімізше, компания Ақкөл кентінде де екі ғимараттың құрылысын бастап, қаржылай қиындықтан тоқтап қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде