{metadescription}
Шымкент пен Павлодар тұрғындарына қырғидай тиген қылмыстық топтар құрықталды
Шымкент пен Павлодар тұрғындарына қырғидай тиген қылмыстық топтар құрықталды

Шымкент пен Павлодар тұрғындарына қырғидай тиген қылмыстық топтар құрықталды

Шымкент пен Павлодар қаласында тұрғындарға қырғидай тиген қылмыстық топтар құрықталды. Басбұзарларды полицейлер бір күнде ұстаған.

18-23 жас арасындағы керекулік бес жігіт Павлодардағы оқу орындары мен жатақханада жатып оқып жүрген жастарды ұрып-соғып, онлайн несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Ал Шымкенттің алты азаматы полицей ретінде танысып, тұрғындарды ұрып-соғып, қорқытып ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Ақша беруден бас тартқанын өздерінің арнайы орындарына қамап ұстаған. Кинодан көргенін істеген Павлодар мен Шымкенттің қылмыстық топтары енді ұзақ мерзімге нағыз қылмыскерлердің ортасына аттанбақ.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Көрсетілген фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаментінің тергеп-тексеру органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ұсталған адамдарға 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде