{metadescription}
Алматыда мобильді аударыммен төлем жасаудан бас тартқан кәсіпкерлер ескерту алды
Алматыда мобильді аударыммен төлем жасаудан бас тартқан кәсіпкерлер ескерту алды

Алматыда мобильді аударыммен төлем жасаудан бас тартқан кәсіпкерлер ескерту алды

Мобильді аударыммен төлем жасаудан бас тартқан алматылық 75 кәсіпкердің үстінен шағым түсті. Соның ішінде 10 саудагерге тәртіптік ескерту жасалынды. Олар заңды қайта бұзса, 150 мың теңгедей айыппұл төлейді.

Салықшыларға түскен шағымның көбі төлем қабылдайтын электрондық құрылғының болмауына, түбіртектің берілмеуіне байланысты түскен.

Айта кетейік, азаматтардың мобильді аударымдарына тексеріс биылдан бастап жүргізіле бастады. Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, Мемлекеттік кірістер комитеті тексеруге құқылы.

Заңғар Шындәлі, Алматы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Үш аптаның ішінде бізге 75-ке жуық шағым келіп түсті. Бұл жерде бақылау касса аппаратын қолданбаған, қолма-қол ақша талап еткен. Бұл сұрақтарды қарастыруда бүгін 10 жеке кесіпкер, салық төлеушіге тәртіптік ескерту жасалынды. Қалғанымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір салық төлеушілер расымен де өсіп келе жатыр. Жыл басынан 6 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелген. Пост терминал саны 12 пайызға өскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.