{metadescription}
Алматыда әлсін-әлсін болып жатқан сілкініс — қалыпты құбылыс
Алматыда әлсін-әлсін болып жатқан сілкініс — қалыпты құбылыс

Алматыда әлсін-әлсін болып жатқан сілкініс — қалыпты құбылыс

Жер сілкінісінен кейін афтершок бір жылға дейін қайталануы мүмкін. Сейсмологтар Алматыда әлсін-әлсін болып жатқан сілкіністерді қалыпты құбылыс деп отыр. Айтуларынша, бұл тектоника қабаттары өз орнына келуі үшін қайталанатын сейсмика толқындарының жиынтығы.

Зілзала ошағында үш күнде 2 мыңнан астам жер дүмпуі тіркелген. Оның 2 балл болып жеткен толқынының он шақтысы Алматыда сезілді.

Жансая Досымбекова, "Алматы" сейсмоорталық обсерваториясының басшысы:

Афтершок ірі жер сілкінісінен кейінгі болатын әлсіз тербелістер, әлсіз жер сілкіністері. Бұл жерде жиналған энергияның әлсін-әлсін жер бетіне босап шығуы. Ол әртүрлі деңгейде көрініп жатыр. Афтершоктар, бұл болып жатқан жер сілікіністері сол Қытайдағы жер сілкінісінің бізге келіп жатқан әсері.

Үш күн бұрын шаһарда болған қатты дүмпудің ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таулы аймақта тіркелген еді. Яғни оңтүстік астанамызда айтарлықтай сезіліп, жұрттың әлі де үрей құшағынан шыға алмай жатқаны жасырын емес. Өйткені артынан күн сайын 2 балл афтершоктар жүріп жатыр. Мұны мамандар сейсмикалық дүмпуден кейінгі қарқыны төмен, қайталанып отыратын толқындар деп түсіндіруде. Уақыт өте келе оның жиілігі, күші де азаяды екен.

Ал алдағы уақытта жоғары балл қатты зілзала қайталанбайды дейді сейсмологтар. Халықтың қорқуына негіз жоқ. Сонда да Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақ саналатындықтан, тұрғындар қарапайым сақтық ережесін біліп жүруі қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.