{metadescription}
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті іздестіріліп жатыр
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті іздестіріліп жатыр

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті іздестіріліп жатыр

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті әлі ұсталған жоқ. Оның фотосуреттері әлеуметтік желілерде жарияланған. Ал мұрны мен қабырғасы сынған зардап шегуші аурханада емделіп жатыр.

Төреғали Берікқалиұлы, жүргізуші: 

Сол жаққа қарағанда бір адам, қолында кішкене тумбочкасы бар, кәдімгідей боқтап бара жатады. Бір кезде келеді де, «сен неге машинеңді былай қойып тастағансың жолға» дейді. Шақыруға келдім деймін. Ол боқтап кетті. Тумбочкасын тастады, қайтып келді де, қайтып боқтап барады. Мен машинадан шықтым да, «сіз неге мені боқтайсыз» дедім.

Қарағандыдағы аулалардың бірінде жедел жәрдем ауырған бір жастағы балаға келген. Көлік онсыз да қар басып, соқпаққа айналған тар жерде тұра қалса керек. Сондықтан жаяу жүргіншілердің де жолын бөгеп тастаған. Ал жүргізушінің таяқ жеп жатқанын фельдшер ұялы телефонына түсірген. Зардап шегуші әлеуметік желіде белсенді, үнемі ролик түсіріп жариялауға машықтанған. Бұл жолғы видеосы да бір түнде мыңдаған қаралым жинап үлгерді. Полиция 36 жастағы күдікті Нұрболат Дәкебаевты бірден ұстай алмады. Оны іздеп жатқан полицейлер оқиғаның бүге-шүгесін оның өзінен сұраймыз деп отыр.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

Жедел жәрдем жүргізушісіне соққы жасаған азаматқа қатысты қазіргі таңда бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің аты-жөні, жалпы тұлғасы анықталды. Қазір кешенді іздестіру жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде