{metadescription}
Mudarabah Capital. Тағы бір күдікті Бішкекте қолға түсті
Mudarabah Capital. Тағы бір күдікті Бішкекте қолға түсті

Mudarabah Capital. Тағы бір күдікті Бішкекте қолға түсті

Атышулы Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысы бар деген тағы бір күдікті Бішкекте қолға түсті. Ол ертеректе марқұм болып кеткен жергілікті тұрғынның төлқұжатымен емін-еркін өмір сүріпті.

Қаржы пирамадасын құрып мыңдаған адамды сазға отырғызған күдіктілердің бірі осылайша шетелде жүріп те қитұрқы әрекеттерін жалғастырған. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі күдіктіге төлқұжатты заңсыз жасап берген азаматты да құрықтағанын хабарлады. Ол Бішкектегі паспорттық-визалық тіркеу бөлімінің жетекші маманы. Қазір екеуіне қатысты жеке-жеке қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс үш жыл бұрын басталған. Басшылары мен құрылтайшылары әртүрлі мерзімге сотталды. Арасында белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. Тағы бір вайнер Әзімжан Саидбаев әлі іздеуде жүр.

Қырғызстан Республикасы ішкі істер министрлігі:

Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып, Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен. Ал тіркеу органының лауазымды адамдары оған республикада одан әрі заңдастыруға жәрдем көрсеткен. Ұсталған азамат Қырғыз Республикасының 2000 жылы қайтыс болған азаматының төлқұжатын заңсыз алып, бірнеше рет пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар ол есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 150 мың сомға айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде