{metadescription}
«Ұстазым қол жүгіртті» деген студент мұғалімдерден теперіш көрген
«Ұстазым қол жүгіртті» деген студент мұғалімдерден теперіш көрген

«Ұстазым қол жүгіртті» деген студент мұғалімдерден теперіш көрген

«Буллингтің астында қалдым». «Ұстазым қол жүгіртті» деп мәлімдеме жасаған Астана медициналық университетінің студенті бүгінде өзге мұғалімдерден теперіш көруде. «Университетте жүріп-тұруым мұң болды дейді төртінші курс студенті. Ұстаздың оғаш әрекетін көрген жалғыз бұл емес екен. Профессорға өкпелі бірнеше студент полицияға арыз түсірген. Мән-жайды қазір полиция анықтап жатыр.

Елордадағы медицина университетінің төртінші курс студенті 17 қарашада болған оқиғаны жиіркенішпен еске алады. Айтуынша, емтиханды қайта тапсыруға шақырған ұстазы сол күні ерекше ізетті, сыпайы болып көрінген. Дәрісханаға кірген бойы есікті құлыптап, терезелерді жапқан соң, профессор «теориядан практикаға» көшкісі келіп, қызықтың көкесі сол кезде басталыпты. 

Аида Жампейісова:

Маған «төс тартқышыңды көтер, мен жүрек қағысыңды тыңдауым керек» деді. Қорыққаным соншалық, есік-терезе жабық , ойлаңызшы, не істерімді білмей, айтқанын бұлжытпай орындадым. Сосын көкірегімді умаждап ұстай бастады. Бір орында қатып қалғанымды ғана білемін. Шамамен бір минуттан кейін есімді тез жиып алдым да, «мен қорқып тұрмын» деп айттым, ағайға. Сонда оның маған айтқан бар жауабы: «Неге қорқасың? Мен бар болғаны денсаулығыңды тексеріп жатырмын».

Деканатқа көз жасын тыя алмай жеткен студенттің жанайқайына сол күні құлақ асар пенде болмапты. Қайта «түймедейді түйедей етесіңдер» деп, өзге мұғалімдер келеке қылды дейді Аида Жампейісова. Ал басынан кешкенін инстаграмда ағынан жарылып айтқанынан кейін студент қыздың басына қара бұлт үйірілген.

Аида Жампейісова:

Маған жыныстық азғындық жасаған мұғалімнің отбасы менің ата-анама тікелей қысым көрсетті. Инстаграмда әке-шешемнің аккаунттарын белгілеп, «қыздарыңның тірлігі оңып тұрған жоқ» деген пікірлер қалдырып, кінәні өзіме жаппақ болды. Одан кейін универститет мұғалімдерін де маған қарсы үгіттеді. Сабақта өзге мұғалімдер әріптесін қолдап, маған қысым көрсетті.

Студенттің инстаграмдағы жазбасынан кейін профессордан жыныстық зәбір көрген әр жылдардағы тәлімгерлер өз естеліктерін жарыса жазуда. Аидадан бөлек тағы үш студент дәл осы мұғалімнен сексуалдық сипатта «жәбір көрдік» деп полицияға шағымданыпты.

Саида Сүлейменова адвокат:

Қазір менің қорғауымдағы жәбірленушіден бөлек тағы үш азамат профессорға қатысты арыз жазды. Оның екеуі студент, ал біреуі оның пациенті екен. Яғни ол университет қабырғасынан тыс жерде ем-дом жасап, қол жүгірткен.

Жәбірленушілердің айтуынша, кей мұғалімдер медициналық тексеріс жасау кейпінде жас қыздардың әр жерінен бір ұстауды үйреншікті құбылысқа айналдырған. Жапа шеккендер мұндай мұғалімдердің атын атап, түсін түстегісі келмейді. Ал айтқандарының ізіне қазір өзге мұғалімдер түсіп, буллинг жасауда.

Қазір осы қыздардың арызы бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі істің мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кеткен.

Нұрсұлтан Есіркепов, Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы:

Медициналық университет студентінің арызы бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Универститет әкімшілігі оқиға бір шешімін тапқанша қызды оқудан шеттетіпті. Студент полицияға арыз жазып адвокат жалдағаннан кейін ғана сең орнынан қозғалған. Сөйтіп профессор жұмыстан шығарылған. Бірақ өзі тағылған айыпқа қатысты жауап берген жоқ. Ал Аидамен қатар арыз түсірген студенттер де профессорға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын қалайды. Қысыр әңгімеден басын арашалап, материалдық өтемақы талап етеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде