Таразда 46 жастағы ер адамды автобус басып кетті
Таразда 46 жастағы ер адамды автобус басып кетті. Жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан азамат оқиға орнында жан тапсырған.
Автор: Сәбит Әлдебай
29.01.2024
Полицияның мәліметінше қоғамдық көлік жүргізушісі қауіпті қозғалыстан қашып жол жиегіне шығып кеткен. Адам өліміне алып келген оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді автобус жүргізушісіне бұлтартпау шарасы қабылданады.
Гүлсара Мұқтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Автобус жүргізушісіне қатысты бұлтарпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сот сараптамалары тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!