Қарағанды облысында ешқандай баланста жоқ жолды жөндемек болған
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігі жоқ жолды жөндеуге 328 миллион теңгенің тендерін жариялаған. Мұны прокурорлық тексеріс анықтап, қазына қаржысын бөлу ісін тоқтатып тастады. Алайда аудан басшылығы баланста жоғы болмаса, екі ауданды жалғайтын ескі жол бар дейді. Сондықтан оны жақын арада заңдастырамыз деп отыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
29.01.2024
Ерлан Түсіпов, прокурор:
— Прокуратура наразылығы бойынша Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі жалпы сомасы 328 миллион теңгеден астатын қаржыға іс жүзінде жоқ Ақжарық-Аппаз тас жолын жөндеуге ашық конкурс өтпей қалды. Жолдың бұл учаскесі жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды.
Қадағалаушы орган мәліметінше, ешқандай баланста жоқ жолды жөндемек болған экономика және қаржы бөлімі заңды белшеден басқан. Өйткені иесіз жолға ағымдағы жөндеу жүрмейді. Аудан басшылығы аталған жолдың жергілікті баланста жоқтығын мойындайды. Бірақ балансқа алу жұмысы жүріп жатыр дейді. Жоспар бойынша ақпан айының аяғында ол мәселе толық реттелуі тиіс екен. Қарқаралы мен Ақтоғай аудандарын жалғайтын жайдақ жол 40 шақырымды құрайды. Екі аудан тұрғындары қыс көзі қырауда бір біріне жету үшін Қарағанды арқылы 450 шақырымды айналуы тиіс. Осы аралықты жөндеп беру аудан халқының сұрауы бойынша қолға алынған көрінеді.
Ардагер Қапашев, Ақтоғай ауданы әкімдігінің ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
— Жаз мезгілінде 40 мыңнан аса жолаушы аталған жолды пайдаланады. Өз кезегінде бұл жолды 450 шақырмға дейін қысқартып, туристер мен жолаушылардың қаражаты мен уақытын үнемдеуге әкеледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін миллиардтаған қаражат қажет болғандықтан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу шешіліп, жаңа материалды қолдана отырып жолды қыру тегістеу жұмыстары өткізіліп, 8 учаскеге су өткізгіш құбыр орнату жоспарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!