{metadescription}
Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасаған қос лаңкес қолға түсті
Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасаған қос лаңкес қолға түсті

Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасаған қос лаңкес қолға түсті

Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасаған қос лаңкес қолға түсті. Оның бірі — Тәжікстан, екіншісі Ресей азаматы. Екеуінің де "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы бар деген болжам айтылды.

Күні кеше Стамбұл қаласындағы Санта-Мария католик шіркеуіне шабуыл жасалып, бір адам оқиға орнында жантәсілім еткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қап-қара бетперде киіп алғандар адамдардың сілтідей тыныштықта мінәжат етіп жатқанында ғимаратқа тап беріпті. Бұл ғибадатханаға негізінен Стамбұлда тұратын италиялықтар келеді екен. Ішкі істер министрі Али Йерликай арнайы операция барысында бас-аяғы 47 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде