«Лаңкестік шабуыл». Семейде оқушылардың ата-анасы жауапқа тартылды
Семейде мектепке лаңкестік шабуыл жасалды деп жалған хабар таратқан оқушылардың ата-анасы жауапқа тартылды. Сабақтан ерте қайту үшін балалар осылай әзілдеген. Енді екеуі де арнайы есепке алынып бақылауда болады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.01.2024
Оқиға шаһардағы №25 орта мектепте болған. 8 сыныптың екі оқушысы террористік шабуыл жасалып жатқанын айтып 102 нөміріне қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері мен жедел жасақ аяғынан тік тұрған. Алайда олар мектеп ауласына жеткенде қоңыраудың жалған екеніне көз жеткізген. Кейін «мектепке шабуыл жасалды» деп жалған хабар тартқан 13-14 жастағы екі оқушы ұсталды. Балалар бұл қадамға сабақтан ерте қайту үшін барған екен. Бірақ екеуі де кәмелетке толмаған, сондықтан олардың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылып, оқушылар бақылауға алынды.
Айдана Қозыбаева, Абай облысы ПД медиа-аналитика тобының аға инспекторы:
— Қоңырау расталмады. Арнайы қызметкерлерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар кінәсін мойындап, сабақтарын бұзу үшін бұзақылық ниетпен әрекет жасағанын түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!