ІІМ ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдың басты себебін айтты
Арақ — ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдың басты себебі. Бұған ішкі істер министрлігі келтірген статистика дәлел. Бар-жоғы 11 күннің ішінде ұрыс-керіске қатысты 4 мыңнан аса шағым тіркелген. Оның 1 жарым мыңын тәртіп сақшылары үйөүйді аралаған кезде анықтаған.
Автор: Мерей Қалиасқар
29.01.2024
Айқай-шу, ұрыс-керістің тағы бір негізгі себебі — лудомания. Тапқан-таянғанын құмар ойынға, бәске тігіп берекесі қашқан отбасы саны артқан. Және көп жағдайда таяқ жеп, теперіш көріп жатқан — әйелдер. «Тұрмыс» шарасын қолға алып, үй-үйді аралаған тәртіп сақшылары осыған көз жеткізген. Ең қорқыныштысы, полицияның назарына түскен азаматтар қайта құқық бұзуға ниетті. Яғни қазіргі таңда 500-ден аса отбасының жағдайы алаңдатарлық. Агрессияны болдырмау үшін психоөтүзету курсынан өз еркімен өтетіндері де кемде-кем. Отбасындағы ойранның салдарын қауіпті ортада қалып қойған жазықсыз балалар да көріп жатыр. Бүгінде осындай 675 отбасы полицияның бақылауында тұр.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ ӘПК аға инспекторы:
— Алматы қаласында қолайсыз отбасына тексеріп барған кезде әкесі қатты мас болған. Балалары аш, үйде антисанитария. Сонымен қатар әкесінің бөтелкелес досы мас күйде сол үйде бірге болған. Қамқоршылық қызметкерлерімен бірлесіп балалар кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастырылды, ал мас әкесі наркологияға емделуге орналастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!