Ескерту: Елдегі және шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлікті декларациялау керек
Несиеге алынған қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ. Ал банктегі шотыңызда 34 млн теңгеден астам қаражат болса міндетті түрде декларацияда көрсету қажет.
Автор: Әсем Лесбек
29.01.2024
Салық маманы азаматтардың елдегі және шет мемлекеттегі жылжымайтын мүліктерін жария етуі тиіс екенін де еске салды. Құны 3 миллионнан асатын зат пен асыл тұқымды жануарды да жалпыға бірдей декларациялауға өткізу керектігін еске салады. Ал оны ұсынбаған жағдайда алғашында ескерту жасалынады. Одан нәтиже шықпаса, 55 мың теңгеден астам айыппұл салынады.
Айта кетейік, биыл елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Бұл жолы кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайына декларация тапсыру міндеттелуде. Мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады.
Павел Сидоров, Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары:
— Жеке тұлғалар әсіресе шетелдегі дүние-мүлкін тіркеуді естен шығармауы керек. Қазір отандастарымыздың арасында Біріккен араб әмірлігінде, Германияда, басқа да мемлекеттерде мүлкі бар азаматтар тіркелуде. Декларацияны e-salyqazamat, «салық төлеуші кабинеті», «электрондық үкімет» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!