{metadescription}
«Астарлы ақиқат» — жаңа жүргізуші, жаңа тақырыптар
«Астарлы ақиқат» — жаңа жүргізуші, жаңа тақырыптар

«Астарлы ақиқат» — жаңа жүргізуші, жаңа тақырыптар

«Астарлы ақиқат», жаңа тақырыптар, жаңа жүргізуші. Енді дүйсенбі мен бейсенбі аралығында көгілдір экраннан ток-шоуды Дина Төлепберген емес, өзге жүргізуші тізгіндемек. Танымал журналист «Астарлы ақиқаттың» тек продюсері ретінде ғана қызметін жалғастырмақ. Ары қарай Бердімұрат Хасенұлы қоғамдағы қордаланған мәселе мен күрмеуі қиын түйіткілді көзқарақты көрерменмен бірге шешуге тырысады.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасы КТК телеарнасында осыдан 13 жыл бұрын жұмысын бастады. Алғашында апталық -ақпараттық шығарылым болған ол, сегіз жылдан соң ток-шоу форматында түрленді. Студиясы үлкейіп, эфир жиілігі артты. Қоғамдағы түрлі түйткілді тарқатып, халықтың қайғы-мұңына құлақ түруін кеңінен жалғастырды. Жүргізушісі Дина Төлепберген өз ұжымымен бірігіп талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек, сүрінгенге сүйеу болды.

Дәурен Меркеев, продюсер:

2010 жылдары «Наша правда» мен «Другая правда» бағдарламасының жұмысы тоқтап, оны қазақ тілінде «Астарлы ақиқат» етіп шығаруды жоспарладық. Бұл халық үшін қуанышты әрі пайдасы мол ток-шоу болатынына кәміл сендік. Содан бері «Астарлы ақиқат» пен Дина Төлепберген егіз ұғым. Ток-шоу еліміздегі нағыз даулы, халықтың қайғысына үңіле білген ең өткір, көрермені көп бағдарлама. Соның барлығы Дина Төлепбергеннің табандығы мен мықтылығының арқасы деп айтуға толық негіз бар. Жаңа маусым мен жаңа жүргізушіге тек сәттілік тілеймін.

Әліге дейін тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасындағы шытынаған қарым-қатынастың барлығы дәл осы «Астарлы ақиқат» студиясында қозғалып шешімін табуда. Редакциядан көмек сұрайтын халық санында шек жоқ. Осылайша бағдарламаның продюсері ғана болып қалатын Дина бүгіннен бастап тізгінді өзгеге тапсырды. Енді «Астарлы ақиқат» жаңа форматта көрерменге жаңа жүргізушімен жол тартады.

Тірі болған соң тіршілікте бір орында тоқырап қалу тым қате. Мұхтар Шаханов айтпақшы, «Байқаймысың, мына ғажап тамашаны, бір адамға байланысты бір адамның болашағы».

Осылайша бірнеше уақыттан бері «Астарлы ақиқаттың» төрінде сарапшы болған заңгердің жұлдызды сәті туды. Бердімұрат Хасенұлы бұдан бұлай студияда бағдарламаны тізгіндеп, халықтың сойылын соғуға кіріседі. Заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыға оң жағдай жасауға қадам басуға ниетті.

Ендеше «Астарлы ақиқаттың» әр дүйсенбі мен бейсенбі аралығында жаңа маусымын жаңа жүргізушімен тамашалауды ұмытпаңыздар. Ток-шоуға еңбегі сіңген журналистің жылдар бойы төккен тері мен әдемі естеліктері бір сағат бойы ұсынылып, жаңа продюсерді эфирден кадр сыртына шығарып салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде