{metadescription}
Төтенше жағдай: Ботақарада газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды 
Төтенше жағдай: Ботақарада газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды 

Төтенше жағдай: Ботақарада газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды 

Қарағанды облысы Ботақара кентінде төтенше жағдай жарияланды. Түнде екі қабатты үйде газ баллоны жарылып, баспананың талқаны шыққан. Екі адам қаза тапты. Үйінді астынан шығарылған екі ересек адам мен төрт жастағы баланың жағдайы ауыр.

Ал, баспанасы қираған үйдің 46 тұрғыны қыстың көзі қырауда далада қалды. Енді жергілікті билік оларға жалдамалы пәтер іздеп сабылып жатыр. КТК тілшісі қорқынышты түнді бастан өткізгендермен тілдесіп қайтты.

Апат түнгі сағат 12-ден кете болды. Екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жарылған газ баллоны ғимартты қаққа бөлген. Жойқын жарылыс төбені ұшырып, қабырғаларын құлатып, еденді бірінші қабаттағы пәтерге бірақ түсіріпті. Астыңғы баспанада болған 51 және 49 жастағы ерлі-зайыптылар бетонға жаншылып, құтқарушылардың көмегі жеткенше жан тапсырған. Олардың ортасында жатқан немересі ғана аман қалды. Тағы екі ер адам мен екі бала үйінді астынан тірі шығарылды.

Жарылыстың күштілігі соншалық, көрші пәтерлердің қабырғаларын құлатқан. Абырой болғанда бір пәтердегі кейуана туыстарына қонаққа кетіп қалған. Ал екіншісінде болған жалғызбасты зейнеткер әйел құлаған қабырғаның астына жаншылудан шақ қалдым дейді.

Түндегі сұмдықтан әбден шошып тұрғындардың кейбірі туыстарын паналаса, қалғаны көрші-қолаңды сағалап кеткен.

Шекер Уәлиева:

Тұрс ете түсті, төбе құлады. Қайда жүгірерімді білмедім, басқа бөлмеге өте алмадым. Терезенің алдына барып тұрдым. Қолыма не түсті, соны киіп алдым. Түні бойы ұйықтаған жоқпын. Қан қысымым бар. Ешкімім жоқ, барар жерім жоқ. Міне, көршілерді жағалап жүрмін. Маған қартайғанда осы керек пе?

Ал жарылыс болған пәтерді Жұмажановтар отбасы жақында ғана алыпты. Баспанада жөндеу жүргізіп жатқан екен. Білетіндері жұмысшылар сылақты кептіру үшін газ баллонын аяздан кіргізіп, жылынсын деп пештің жанына қойған. Бірақ оларды қираған баспана емес, құдайы көршілерінің қазасы қинайды.

Марал Жұмажанова:

Екі өзбек жігіт штукатурка істеп, соны кептіреміз ертең деп, пушкамен кептіреміз, пеш кептірмейді деген. Газ әкепті, ол газ қатып тұрыпты. Оны пештің қасына қойып, таңертең ериді, біз тұрғанша деп, жатып қалған. Астымдағы көршілерімнен айырылып қалып отырмын. Осы жерде он бір жыл бірге тұрдық қой. Сол көршілерім өкінішті болып тұр. Бір үйден екі әкешешесі қайтыс болып кетті. Сол жаныма батып тұр.

Ал тұрғындар құтқарушылардың қызметіне көңілі толмайды. Келерін келіп алып, құтқаруға қажет құрылғы таппай сеңдей соғылысты дейді. 

Баян Көбентаева, марқұмдардың туысы:

Төтеншеліктер біреуден домкрат сұрайды, біреуден лом сұрайды. Сонда өзінде дайын тұру керек қой, бәрі болуы керек қой. Олар алдында тірі жатты, көмек сұрады. Дыбысы шығып жатқан. Бес сағатан кейін ғана алып шықты. Енді ойлаңызшы, бес сағатта не қалады, ана жерде тастай суық, денелері көкпеңбек.

Төтенше жағдай қызметі құтқару ісінде тұрғындар түсіне бермейтін ереже барын айтады. Олар алып шыққан екі өзбек азаматының денесі, бірі 80, екіншісі 26 пайызға күйген. Төт жастағы бүлдіршін де жансақтау бөлімінде.

Аманбек Бейсембаев, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Ақпаратты әртүрлі тарата береді. Адамдар құлаған плитаның астында қалған. Оны шығару оңай емес, Кішкене зат емес қой, оны міндетті түрде құтқарушылар арнайы құрал, домкрат, кранның көмегімен көтеріп аманесен алып шығады.

Апат болған баспананы жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар кезекпен алып, жалдап тұрып келген. Енді аудан басшылығы оларға басқа жалдамалы пәтер іздеп жатыр. Жарылыс болған үйдің жайын мамандар тексереді. Тұруға жарайды десе жөндейміз, болмаса, жаңасын салуға қаражат сұрамаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде