{metadescription}
«Тарифті көтереміз». Министр суды оңды-солды шашатындарға реніш білдірді
«Тарифті көтереміз». Министр суды оңды-солды шашатындарға реніш білдірді

«Тарифті көтереміз». Министр суды оңды-солды шашатындарға реніш білдірді

Қарапайым моншаға түсу мәдениетін де білмейміз. Қоғамдық орында суды оңды-солды шашатындарға бүгін ұлттық экономика министрі осылай ренішін білдірді. Жұртты үнемдеуге үйретудің ең тиімді тәсілі – тарифті көтеру дейді Қуантыров.

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика министрі:

Былтыр Батыс Қазақстанда болдым. Бұл аймақта судың бір текше метрі 44 теңгені құрайды. Әрине, мұндай баға саясатымен суды үнемдеуді білмейміз. Ал егер моншаға барып қалсаңыз, тіптен судың ретсіз ағылып жатқанына куә боласыз. Бүгінде суға 200 бен 500 теңге аралығында төлейміз. Сондықтан су тарифін айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды.

Бағаны әзірге 15 пайызға көтермекші. Бірақ бұл да қазіргі шығынды өтемейді екен. Десе де инфляцияны ұстап тұру үшін тарифті бірден емес, кезең-кезеңімен көтеру жоспарланыпты.

Ал Үкімет отырысынан кейін әріптесі аузына түкіріп қойғандай, су және ирригация министрі де шаруаларды суды үнемдеп пайдалануға шақырды. Өйткені жергілікті және трансшекаралық өзендердің тартылуына байланысты биыл да біраз егіс алқабы кеуіп кету алдында тұр. Сондықтан Үкімет қазірден көрші елдермен келіссөздерді бастап кеткен. Атап айтқанда, Қазақстан билігі Қытай мен Өзбекстан арасында өзен-көлдерді пайдалану мен қорғау жөнінде бірқатар келісімге келіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде